Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Қорғаныс саласының басшылық құрамы темір тордың арғы жағындағы тәртіппен танысып қайтты

Қорғаныс саласының басшылық құрамы темір тордың арғы жағындағы тәртіппен танысып қайтты

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі — шенеуніктерді бас бостандығынан айыру орындарына апарып, қылмыс жасаған адамдардың ұстау шарттарымен таныстыру болып табылады.

Түркістан облыстық Қорғаныс істері департаменті мен Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен облыстық Қорғаныс департаментіне қарасты аудандық/қалалық басқарма басшылары Кентау қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының тәртібімен танысып қайтты.

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 30 — ға жуық лауазым иелерін уақытша ұстау изоляторының жұмысымен, яғни қамаудағыларды ұстау шарттарымен, айыпталушының жататын жерінен бастап, медициналық бөлме, асхана, аула сынды жерлермен жіті таныстырып шықты.

Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді мақсат еткен ұйымдастырушылар лауазымды тұлғаларға тура жолдан таймаңдар деген сөздерін бірнеше рет қайталап, пара алудың, яғни қызмет бабын пайдаланып ақша табудың соңы осылай болатынын ескертті.

Әрине, көзге жақсы көрініс бермейтін шараның куәгерлері мұздай қара құлып пен тікенді темір тордың арғы жағындағы өмірді өз көздерімен көріп, тар қапаста отырғандардың өкінішін жүрекпен сезіп, олардың қатесін қайталамайтынын білдірді.

Темір тордың арғы жағындағы тәртіппен танысу жұмыстары әрі қарай жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*