Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ САЯН АХМЕТЖАНОВ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСТЫ

ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ САЯН АХМЕТЖАНОВ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің басшысы С.Ахметжанов  Кентау қаласында болып, проблемалық құрылыс объектілердің  бүгінгі ахуалымен  танысты.

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасында көрсетілген тұрғын-үй саласындағы кемшіліктердің барысын бақылаған Саян Қылышұлы, ең алдымен 2020 жылы көпқабатты тұрғын үй салу үшін қазаншұңқыр қазылып, алайда бюджеттен қаржы бөлінбеуінің салдарынан құрылыс жұмыстары тұралап қалған 5 тұрғын үйдің құрылыс алаңында болды.

Нысанның бүгінгі ахуалын баяндаған Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов «Нұрлы-жер» бағдарламасымен 2019-2021 жылдар аралығында 5 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылыстары жоспарланып, 2020 жылдың соңында  мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен құрылыс жұмыстары басталғанын және 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін қаражат бөлінбеуіне байланысты құрылыс жұмыстарының аяқталмай тұрғанын жеткізді.

Сондай-ақ, аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын жүргізу   мақсатында қаржы аудару үшін Түркістан облысының құрылыс басқармасына бірнеше рет хат жолданғандығын тілге тиек етті.

Келесі кезекте Превенция қызметінің басшысы 2021 жылдың тамыз айында тұрғындардың қолданысына берілген Ш.Уәлиханов көшесіндегі көпқабатты 10 тұрғын-үйге арнайы келіп, жаңа үйге қоныс тепкен 600 отбасының көгілдір отынға мұқтаж екендігіне көз жеткізді.

Бұл бойынша қала басшысы Жандос Қалмырзаұлы бүгінгі күні қала аумағына газ келуіне орай бұл мәселе толық шешімін табатынын баяндап, тұрғын үйлерге газ жүйелерін қосу жұмыстары әкімдік тарапынан басты назарда екендігін баса атап өтті.

Қаратау тәжі саналатын қалада орналасқан проблемалық тұрғын үйлердің құрылысымен жіті танысқан С.Ахметжанов бюджет есебінен салынып жатқан нысандардың сапа деңгейі мен белгіленген мерзімде орындалуына жүйелі қадағалау болуы тиіс екендігін әкімдік қызметкерлерінің назарына жеткізді.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*