Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында халықаралық талаптарға сай спорт кешені пайдалануға берілді. Нысанда ірі спорттық іс-шараларды, тіпті әлем чемпионаттарын ұйымдастыру үшін барлық қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған.
Қазығұрт шағынауданындағы ату аймағында орналасқан финалдық ойындар өтетін алаң Азия өңіріндегі ең ірі атыс объектілерінің біріне айналмақ. Ендігі жерде үшінші мегаполистегі жастар спорт ойындарының оқ ату спорт түрінен финалдық жарыстарын жаңа кешенде өткізу мүмкіндігіне ие болды. Мұнда алдағы уақытта оқ атудан басқа футбол, гандбол, волейбол және баскетбол спорт түрлеріне арналған алаңдар іске қосылады.
Салтанатты жиынға қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев пен «Ордабасы» футбол клубының президенті Бақтияр Байсейтов жаңа кешеннің лентасын қиды.
Айта кетейік, осында қыркүйек айында пневматикалық винтовкадан оқ атудан Азия чемпионаты өтеді деп күтілуде. Бұл өңірдегі әлемдік мергендердің қатысуымен өтетін алғашқы спорттық жарыс болмақ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*