Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҢА МЕКТЕПТЕРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҢА МЕКТЕПТЕРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 72 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде биыл 18 732 орынға арналған 32 мектеп құрылысы жүргізіліп (мемлекет — 12, жекеменшік — 20), жыл соңында 10 222 орынға арналған 20 мектеп пайдалануға тапсырылады. Мемлекет тарапынан 4 мектеп, жекеменшік 16 мектеп ел игілігіне беріледі.
Қалалық құрылыс басқармасымен салынып жатқан мектептерге келер болсақ, өткен жылдан өтпелі 1920 орындық төрт мектептің құрылысы жалғасып жатыр.
Атап айтқанда:
— Тұран шағын ауданында 1200 орындық мектептің құрылысы 2019 жылы басталған. Мердігер мекеме — «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС-ы. Бүгінгі таңда қыш қалау жұмыстары – 100%, плита жабындары – 95%, шатыр жабыны – 75%, әрлеу жұмыстары – 55%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстары толығымен шілде айында аяқталады.
— Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салынуда. Нысанның құрылысы 2019 жылы басталған. Мердігер мекеме — «Жана Арна 2002» ЖШС-ы. Нысанда қыш қалау жұмыстары – 80%, плита жабындары – 75%, шатыр – 30%, әрлеу жұмыстары – 45%-ға орындалды.
— Сайрам тұрғын алабындағы 300 оқушыға арналған қосымша мектептің құрылысы 2019 жылы басталған. Мердігер мекеме — «Жана Арна 2002» ЖШС-ы. Нысанда қыш қалау жұмыстары – 80%, плита жабындары – 70%, шатыр – 25%, әрлеу жұмыстары – 40%-ға орындалды.
— Сайрам тұрғын алабындағы 120 оқушыға арналған қосымша мектептің құрылысы өткен жылы басталған. Мердігер мекеме — «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС-ы. Онда қыш қалау жұмыстары – 80%, плита жабындары – 70%, шатыр жабыны – 60%, әрлеу жұмыстары – 35%-ға орындалды.
Аталған білім ошақтары жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, осы жылы құрылыс басқармасымен 8 мектептің құрылысы басталмақ. Атап айтқанда, 300 орындық №46, 47 және 375 орындық №38, 80 мектептер және 1100 орындық №8 мектептің сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесін алды. Бұл білім нысандарына 2021 жылға құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы қаралады деп күтілуде.
Сонымен қатар, 600 орындық №45, 65, 72 мектептердің және Оқушылар сарайының жобалары әзірленіп жатыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*