Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » МАҚСАТ – САЙЛАУДЫҢ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ӨТУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

МАҚСАТ – САЙЛАУДЫҢ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ӨТУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Бүгін Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚУ-да ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның қатысуымен 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу туралы семинар-кеңес өтті.

–Бүгінгі семинар-кеңес Орталық сайлау комиссиясы бекіткен жоспардың аясында өтіп жатыр. Тап осындай кездесулер орталық сайлау комиссиясы басшылығы және өкілдерінің қатысуымен барлық өңірлерде ұйымдастырылады. Мақсатымыз – өңірлердің сайлауға дайындығын, соның ішінде сайлау комиссияларының дайындығын пысықтау, сайлау науқанының заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету. Республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау комиссиясы бар және олардың құрамында 70 мыңдай адам жұмыс істеп жатыр, – деді Мұхтар Тілдәбекұлы.

Семинар-кеңес барысында Шымкент қаласындағы құзырлы органдар мен жауапты салалық басқармалардың басшылары сайлауға дайындық барысы туралы баяндады.

Айта кетейік, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, қаламызда 317 сайлау комиссиясы құрылған. Оның 5-еуі аумақтық сайлау комиссиясы болса, қалған 312-сі учаскелік сайлау комиссиясы. Шымкент қаласында дауыс беру құқығына ие 634 818 азамат бар. Бұл қаланың жалпы халқының 56,6 пайызын құрайды.

«Шымкент келбеті»
Фото: Серік ҚОСАЕВ.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*