Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Наурыз — Шымкентте басталады» атты мерекелік іс-шаралар онкүндігі ұйымдастырылады. Пандемия жағдайына байланысты барлық санитарлық талаптар қатаң сақталып өткізілмек.
Мерекенің бастауы 14 наурызда «Тәуелсіздік» саябағында іс-шаралар онкүндігінің ресми ашылуымен басталып, «Бастау» атты шеру мен мерекелік концертке ұласады.
Сіздерге 14 наурыз – Көрісу күніне орай өтетін іс-шаралар бағдарламасын ұсынамыз.
1. 14 наурыз — «Тәуелсіздік» саябағында «Наурыз — Шымкентте басталады!» іс-шаралар онкүндігінің ресми ашылуы
2. 14-23 наурыз аралығында — сағат 10.00-де SHYM ART FEST фестивалі
3. 14 наурыз — сағат 11.00-де «Тәуелсіздік» саябағында «Бастау» шеруі және мерекелік концерт
4. 14 наурыз — сағат 12.00-де Әл-Фараби алаңы, Ш.Қалдаяқов гүлзары, «Астана» алаңында би топтарының «Көрісу» флешмобы
5. 14 наурыз — сағат 12.00-де Қабанбай батыр көшесіндегі аллеяда «OPEN AIR GALLERY іс-шарасы
6. 14 наурыз — сағат 16.00 және 19.00-де «Түркістан сарайы» ғимаратында «Сенші маған, шын айтамын» Айқын Төлепбергеннің ән кеші
7. 14 наурыз — сағат 18.00-де Ш.Қалдаяқов гүлзарында «Салем, Қазақ елі!» концерті
8. 14 наурыз — сағат 19.00-де Шымкент қалалық опера және балет театрында Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» қойылымы.
Сондай-ақ «Түркістан сарайы» ғимаратында қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерттер және мерекенің мән-маңызын арттыратын түрлі іс-шаралар өтеді. Билеттерді «Түркістан сарайы» кассасынан алуға болады. Залдағы орындардың тек қана 30 пайызына билет сатылады. Іс-шаралар кестесіне тоқталсақ:
14 наурыз — Айқын Төлепберген
15 наурыз — “Жігіттер” квартеті
16 наурыз — Мәдина Садуақасова
17 наурыз — Роза Әлқожа
18 наурыз — Жанболат пен Жазира
19-20 наурыз — Наурыз айтыс
21 наурыз — “МузАрт” тобы
22 наурыз — “МузАрт” тобы
23 наурыз — Тамара Асар
24 наурыз – «Өнер Қырандары»

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*