Сарыағаш аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен, аудан прокуроры Н.Алдабергенов және аудан әкімі аппаратының басшысы А.Шамбулов, аудандық уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен Дарбаза, Жылға, Әлімтау ауылдық округі тұрғындарына жедел құқықтық көмек көрсету «ЗАҢ КЕРУЕНІ» акциясы өтті.
Акцияны өткізудің негізгі мақсаты жергілікті жерлерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады. Акция барысында Дарбаза, Әлімтау, Жылға ауылдық округтері тұрғындарының инфрақұрылым (жол, электр энергиясы т.б.), жайылым жер, тұрғын үйлерді заңдастыру, көшені жарықтандыру, тағайындалған зейнетақыны қайта есептеу секілді сұрақтарға заң аясында түсіндірмелер берілді.