Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «BAYTAQ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ

«BAYTAQ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ

Шымкент қаласында «Baytaq» жасылдар партиясының филиалы құрылып, жұмысын бастады. Жаңа партия 2022 жылдың 28 қарашасында ҚР Әділет министрлігінде тіркелген. Партияның жетекшісі – белгілі эколог, Ұлттық Құрылтай мүшесі Азаматхан Әміртай.
Саяси ұйым салауатты өмір салтын дәріптеу, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау саласында қордаланған мәселелерді шешуді көздейді.
Бүгінгі жиында ұйымның қалалық филиалын құру мәселесі талқыланып, есеп комиссиясының құрамы бекітілді. Партия төрағасы ұйымның негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталып, атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ, партияның қалалық саяси кеңесінің мүшелері мен қалалық филиалдың төрағасы, атқарушы хатшысы сайланды.
– Біздің партияның негізгі екі құндылығы бар. Біріншісі – қоршаған ортаны және адамдардың денсаулығын қорғау, екіншісі – салауатты өмір салтын насихаттау. Сол себептен біз әр өңірдегі әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге баса назар аударамыз. Жалпы халықтың өзекті мәселелерін шешуді мақсат етіп отырмыз, – деді партия төрағасы А.Әміртай.
Іс-шара барысында белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам белсенділері партия қатарына қабылданды. Сондай-ақ, қатысушылардың дауысы бойынша Құрмет Керімбеков жасылдар партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Нұрбол Байқонақов атқарушы хатшысы болып сайланды.
«Шымкент келбеті»

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*