Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ 63 ЖОБА ІСКЕ АСТЫ

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ 63 ЖОБА ІСКЕ АСТЫ

Бүгінде Шымкент қаласының экономикасы қарқынды дамып келеді. Әсіресе, өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және құрылыс салалары тұрақты өсіп жатыр. Өткен жылы Әл-Фараби ауданында 40 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған.
Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жоспар 108%-ға орындалып, инвестиция көлемі 43,2 млрд теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге (25 млрд) өскен дейді сала мамандары. Аудан аумағында өткен жылы тартылған инвестиция есебінен 63 жоба іске асқан. Жобалардың басым бөлігі қонақ үй, бизнес орталықтары, емханалар, монша, дүкендер желісін құрап, жаңа 926 жұмыс орны ашылған.
Ендігі кезекте, 2023 жылы ауданда инвестициялық көрсеткішті 50 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр.
«Шымкент келбеті»

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*