Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінде шағын аудандар мен елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Соның бірі Тұран ауданы аумағындағы Құрсай елді мекенінде тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуде 336,5 шақырым су құбыры жүргізілді. Құрылыс жұмыстарына жауапты – мердігер мекеме «Риголит» ЖШС.
Дәл қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 336,5 шақырым ауыз су құбырларының 99 пайызы жүргізіліп, халыққа су беру үшін жуып-шаю, залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Құрылысы 2021 жылы басталған су жүйесін тарту жұмысы ІІ кезең бойынша жүзеге асырылған. Бірінші кезең – 185,5 шақырымды болса, екінші кезеңдегі су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырымды құрайды.
Аталған жұмыстармен қатар, елді мекенде жаңа құрылыс аумағына табиғи газ және электр жүйесімен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірленуде. Жобасы осы жылдың наурыз-сәуір айында аяқтап, құрылыс жұмыстарын 2023-2024 жылдары жүргізу жоспарланған