Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ержан Нұразханов 2022 жылы атқарылған нақты жұмыстар және алдағы жоспарлар бойынша баспасөз брифингін өткізді.
Ержан Болатұлы қала аумағында тұрғын үйлерді пайдалануға беру, жаңа бас жоспар, мемлекет мұқтажына жер телімдерін қайтару, геоақпараттық порталды құру жұмыстарынан хабардар етті.
Биыл жалпы қала аумағында 1 млн 73 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. 2022 жылы 1 млн 60 мың шаршы метр тапсырылған болатын.
– Қазіргі таңда өңірлік геоақпараттық жүйені құру бойынша бірқатар жұмыстар аяқталды. Атап айтқанда, картографиялық қызметті әзірлеу, AФТ(аэрофототүсірілім) жүргізу, ортофотожоспар жасау, жерді пайдаланудың бұзылуына мониторинг жүргізу, векторлық карта-схеманы құру, қаладағы нысандардың электронды төлқұжаттарын даярлау бойынша жұмыстар аяқталды. 16 мемлекеттік қызмет пен сервистердің 6-уы іске қосылды. Инженерлік желілердің электрондық схемасына кеңейтілген атрибуттар жинағын енгізу бойынша камералдық және нақтылау дала жұмыстары жүргізілуде, — деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, инженерлік желілер бойынша меншік иелерімен деректерді келістіру және нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаны биыл мамыр айында аяқтау көзделген.
«Шымкент келбеті»