Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Фармацевтикалық өнімдердің 35%-дан астамы Шымкентте өндіріледі

Фармацевтикалық өнімдердің 35%-дан астамы Шымкентте өндіріледі

Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Жолдауда көп түйткілді мәселенің шешімі айқын көрініс тапқан. Әділетті қоғамның басты белгісі – әділетті тұрғындар. Жаңа Қазақстанның дамуы ең әуелі әр азаматтың өзіне тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн.

Жалпы, Фармацевтикалық өнімдердің 35 пайыздан астамы Шымкентте өндіріледі, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Шағын және орта кәсіпкерлік — кез-келген ел экономикасының негізгі күретамыры. Ел ішінде кәсіпкерлер көбейгенде, жұмыссыздар саны қысқарып, қазынаға түсетін салық көбейеді. Сонымен қатар, шел елдерден тауар әкелу азайып, керісінше, экспорт көлемі артады. Бұл өз кезегінде елдің экономикасының қарқында түрде дамуына зор ықпалын тигізеді.

Былтырғы жылы Шымкенттің фармацевтикалық кәсіпорындары 58 миллиард теңгенің препаратын өндірді. Бүгінде елімізде шығарылатын дәрілік заттардың жалпы көлеміндегі мегаполис үлесі – 35,7%-ды құрайды. Айта кетейік, Премьер-министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында «Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау» ұлттық жобасының орындалуы мен отандық фармацевтикалық өндіріс барысы талқыланды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният отандық өндіріс үлесін 2029 жылға қарай 50% — ға жеткізу бойынша қойылған Президент тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасын таныстырды. 6 міндет пен 39 іс-шараны іске асыруды қамтитын Жол картасын орындау мақсатында жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Шымкент жиһаздарына сұраныс көп. Мемлекеттік қолдауға ие болған өндіріс орындарының бірі — “MEGA SMART” серіктестігі “Тассай” индустриялды аймағында орналасқан. 15 жылдан бері жиһаз шығаратын кәсіпорын нарықта бренд қалыптастырып отыр. Шымкент жиһаздарына сұраныс артып отырғандықтан, былтыр өндіріс аумағы кеңейтіліп, «Mega Smart B2B» жауапкершілігі щектеулі серіктестігі іске қосылды. Шеберлер үйге, кеңсеге арналған корпусты және жұмсақ жиһаздарды тапсырыспен әзірлейді. Еуропалық қондырғылармен жабдықталған кәсіпорын 120-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Айына жүз жақты жиһаз жинағын шығаруға мүмкіндігі бар серіктестіктің бүгінде Астана, Алматы қалаларында да арнайы сауда нүктелері бар.

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*