Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Нашақорлық және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу»: Шымкентте студенттермен кездесу өтті

«Нашақорлық және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу»: Шымкентте студенттермен кездесу өтті

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Нашақорлық және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу» мақсатында Авиценна көпсалалы медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өтті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті. Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр. Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр.

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — адамға өте қауіпті вирустардың бірі. АИТВ иммундық жүйені зақымдайды. Нашақорлық пен АИТВ алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру барша қоғамның міндеті.

Аталған іс-шараның мақсаты — АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстану, жастарды спортқа баулу.

Кездесуге Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің мұғалімі Жургенбаева Назира, ШЖҚ Психикалық денсаулық сақтау орталығының дәрігер психиатры нарколог Садыкова Майра , Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің тренері Ахатаев Абзал, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Унифайттан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Чимкентбай Куаныш қатысты.

Кездесу барысында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар, сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға,  бос уақытында кітап оқуға шақырды. Сөз соңында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*