Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ТІРКЕЛУІ 43 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ТІРКЕЛУІ 43 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

Шымкент қаласы прокуратурасы жергілікті құқық қорғау мен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасын іске асыруда. Шымкент қаласы Прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының басшысы Жандос Досанов баспасөз брифингінде жаңа пилоттық жобаның іске асу барысынан хабардар етті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Шаhарда алаяқтық қылмыстарымен күрес шараларының нәтижесінде жыл басынан бері қылмыстардың тіркелу көрсеткіші 43 % төмендеген. Оның ішінде интернет-алаяқтығы 73 %-ға азайды. Жыл басынан бері 356 алаяқтық қылмысы тіркелді.

— Алаяқтық қылмысымен күрес тобының жедел әрекет етуінен оңды нәтижелерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта жергілікті телеарналардан тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қала прокуратурасы тіркелген істерді зерделеу нәтижесінде, кейбір адамдардың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып, халықты алдап жүргендігі анықталды. Қала тұрғындарын кез келген оңай ақша табу жарнамаларына алданбауды, түсініксіз жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырамыз, — деді Жандос Есенжанұлы

Сондай-ақ, жиында қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев, «Жұмыспен қамту орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Шағдат Әсетұлы алаяқтарға алданбауды, тұрғындарды тікелей мекемеге келіп, кеңес сұрауға шақырды.

Соңғы уақыттарда азаматтардың сеніміне кіріп, оңай олжалы болғысы келген алаяқтар атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және қайтарымсыз грант қаражаты бойынша көмек көрсетеміз,- деп түрлі іс-әрекеттерге баруда.

Мәселен, 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырушы азаматтар мен жеке кәсіпкерлер тарапынан жалған құжат пен анықтамалар әзірлеудің 95 фактісі анықталып, құзырлы органдарға жолданды. Бүгінгі таңда зерделеу жұмыстары жалғасуда.

Айта кетсек, өткен жылы қайтарымсыз грант және атаулы әлеуметтік көмек алу мемлекеттік бағдарламасы мәселелерімен 273 адам алаяқтардың құрбаны болса, биыл мұндай фактілердің 30-ы тіркеліп отыр. Барлық істер ашылып, биыл 2 іс сотта қаралуда. Тіркелген істермен жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*