Шымкент қаласының прокуратурасы тіркелген істерді зерделеу нәтижесінде кейбір адамдардың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып халықты алдап жүргендігі анықталды. Егер өткен жылы қайтарымсыз грант және атаулы әлеуметтік көмек алу мемлекеттік бағдарламасы мәселелерімен 273 адам алаяқтардың құрбаны болса, биыл мұндай фактілердің 30-ы тіркеліп отыр.
Барлық істер ашылды, биылғы жылы 2 іс сотта қаралуда.
Тіркелген істермен жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Интернет алаяқтығының көпшілігі «Инстаграм, Колеса, ОЛХ, Крыша» әлеуметтік парақшалары мен «Каспи», «Еуразия», «Халық» интернет банкингтерін қолдану арқылы жасалынған. Мұндай жағдайда азаматтар кез келген оңай ақша табу жарнамаларына алданбауды, түсініксіз жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу арқылы тексеруді және барлық жарнамаларға, әсіресе өздерін Банк қызметкеріміз деп таныстырғандарға күмәнмен қарауы керек.
Жалпы, Шымкент қаласында 2022 жылы кәсіпкерлерге 1119 сервистік қолдау көрсетілді.
Атап айтқанда:
— Бухгалтерлік қызмет бойынша 453 кәсіпкерге;
— Заң мәселелері бойынша 235 кәсіпкерге;
— Қаржыландыру туралы консультациялар бойынша 172 кәсіпкерге;
— Бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша 250 кәсіпкерге қызмет көрсетілді.
Жалпы, 2018-2022 жылдары аралығында 10 мың.нан аса шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көсетілген. Салалар бойынша алатын болсақ, басым көбі, қызмет саласы, сауда, қайта өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылығы және т.б. салалар.
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы 2019-2021 жылдары аралығында «Бастау бизнес» жобасының операторы болды. Осы аралықта 9 мың.нан астам жұмыссыз азаматтарды оқудан өткізіп, тиісті сертификат берген.
2022 жылдан бастап аталған жоба Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығымен көрсетіледі.
Сонымен бірге, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысына сәйкес «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсетеді.