Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖОЛДАУ: ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚТАРДА 22 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ЖОЛДАУ: ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚТАРДА 22 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Жаңа кәсіпорындар өңір экономикасына жаңа серпін беруі тиіс. Президент өз Жолдауында осы мәселеге басымдық бергені белгілі.
Осыдан бес жыл бұрын, яғни, 2018 жылы Шымкент халқының саны 1 млн адамға жеткен кезде, қалалық мәслихат пен белсенділер оған республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру керек деген ұсыныс айтқан еді. Көп ұзамай, Қазақстанда үшінші мегаполис, яғни, Шымкент қаласы облыстан бөлініп, республикалық қала мәртебесіне ие болды. Содан бері қаланы дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оған қоса 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Қала бюджеті 4 есе өсіп, өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артқан. Сондай-ақ аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынған.
Бүгінде Шымкент қаласы соңғы жылдары елдегі ірі инвестициялық, индустриалық, сауда-логистикалық хабқа айналып келеді.
Шымкент қаласында индустриалды аймақтардың қатары артып келеді. Қазіргі таңда жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы мен «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриалды аймағын құру жұмыстары жүргізілуде.
«Жұлдыз» индустриалды аймағының жалпы ауданы – 306 га. Аталған аймақта 35 жоба (3152 жаңа жұмыс орны) жүзеге асырылуда. Жоспарға сай, биыл 6 жоба іске қосылып, 450-ден астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. Сондай-ақ, 2022-2026 жылдар аралығында «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 50 компанияның инвестициялық жобалар пулы әзірленді. Осыған орай, тағы 3600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Мемлекет басшысының еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі және бағаны тұрақтандыру мәселесіне байланысты қойған нақты тапсырмасына сәйкес, қалада ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту қолға алынған. Бүгінгі таңда жалпы аумағы 132 га «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жалғасын табуда.
Аталған аймақта 15 шақырымға суаққы қойылып, электр жүйесін тарту жұмыстары қарқын алған. Инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жылдың соңына дейін аяқталады. Орналастырылатын жобалар пулы дайын.
Шаһардағы бұдан өзге 2 индустриялды аймақ пен сауда-логистикалық орталықта 16 жоба жыл соңына дейін іске қосылып, 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*