Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: Өткен жылы 30 мыңға жуық адам МӘМС жүйесімен сақтандырылған

ШЫМКЕНТ: Өткен жылы 30 мыңға жуық адам МӘМС жүйесімен сақтандырылған

Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында «Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт әлдеқашан жетті. Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырамын», деп атап өткен болатын.

Бүгінде Шымкент қаласында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 905 адам МӘМС жүйесімен сақтандырылған, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Құралбек Сәбит Раймбекұлы брифинг барысында мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы 2022 жылдың 12 айында халық арасында 688 кездеу өткізіп, 15 242 азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізген. 4 рет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимыл жөніндегі өңірлік штаб отырыстары өткізілген. Нәтижесінде 2021 жылмен салыстырғанда қала халқының саны 1 103 611 -ден 1 136 891-ке өскен, оның ішінде сақтандырылғандар саны 877 630-ден 903 535-ке өскен, яғни 2022 жылдың 1 қаңтарынан осы күнге дейін 25 905 адам сақтандырылған. Қазіргі таңда 233 356 қала тұрғындары сақтандырылмаған. «Сақтандырылмаған азаматтар МӘМС жүйесінде жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жеткізе алмай қалу қаупі бар. Осы тұста халықты сақтандырылуға шақырамыз. Сақтандырылған азаматтардың МӘМС жүйесінде медицицналық көмекті толық әрі уақтылы алуын қамтамасыз ету үшін сақтандырылу мәдениетін қалыптастыруға, медициналық ұйым мен дәрігерлерден диагноз анықталғаннан бастап қандай зерттеулер және емдік шаралар, дәрі-дәрмектерді тегін алу құқығын пайдаланып талап ету, танысу мүмкіндігі болатынын халыққа жеткізу», — деді Сәбит Раймбекұлы.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында қазіргі кезде МӘМС жарнасын өткен жылдардағы қарызын төлемей — алдын ала 12 айға жарна төлеп сақтандырылған мәртебесіне ие болу мүмкіндігі қарастырылған. Осының негізінде медициналық қызметтің барлық түріне қол жеткізе алады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*