Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ФИЛИАЛ ТАРАПЫНАН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНЕ ЖЫЛ БОЙЫ ҰДАЙЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ФИЛИАЛ ТАРАПЫНАН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНЕ ЖЫЛ БОЙЫ ҰДАЙЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында денсаулық сақтау саласында түрлі реформалар жүргізілгеніне  қарамастан, әлі де күрделі мәселелердің бар екенін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. Соның ішінде көпшілік сынына жиі   ұшырайтын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне, оның тиімді жүзеге асырылмай отырғанына тоқталды.

Сақтандырылмаған азаматтар МӘМС жүйесінде жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жеткізе алмай қалу қаупі бар. Осы тұста халықты сақтандырылуға шақырамыз. Сақтандырылған азаматтардың МӘМС жүйесінде медицицналық көмекті толық әрі уақтылы алуын қамтамасыз ету үшін Сақтандырылу мәдениетін қалыптастыруға, атап айтқанда медициналық ұйым мен дәрігерлерден диагноз анықталғаннан бастап қандай зерттеулер және емдік шаралар, дәрі-дәрмектерді тегін алу құқығын пайдаланып талап ету, танысу мүмкіндігі болатынын халыққа жеткізу.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалыны 2022 жылдың 12 айында халық арасында 688 кездеу өткізіп, 15 242 азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізген. 7 477 азаматқа кеңестер берілген. 8 146 көрнекі ақпарат (стендтер, плакаттар, билбордтар) таратылған, ілінген. 172 аудиороликтер, 158 видеороликтер адам көп жерлерде айналдырылуда.

4 рет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимыл жөніндегі өңірлік штаб отырыстары өткізілген.

Нәтижесінде 2021 жылмен бүгінгі күнмен салыстырлғанда қала халықы саны 1 103 611 -ден 1 136 891-ке өскен, оның ішінде сақтандырылғандар саны 877 630-ден 903 535-ке өскен, яғни 2022 жылдың 1 қаңтарынан осы күнге дейін 25 905 адам сақтандырылған. Қазіргі таңда, 233 356 қала тұрғындары сақтандырылмаған.

Филиал тарапынан тұрғындардың медициналық қызметтерге қолжетімділігіне жыл бойы ұдайы мониторинг жүргізіледі және бас дәрігерлердің қатысуымен өткізілген штаб отырыстарында осы сұрақ бірнеше рет талқыланды. Салыстырмалы түрде алғанда медициналық қызметті негізсіз ұзақ күту мәселелері, 2022 жылмен салыстырғанда, оң динамикада, 2023 жылдың қаңтар айына тұрғындарға 3409 КТ/МРТ қызметінің 3405-і алғашқы 3 күн ішінде көрсетілген. Оның ішінде сұранысқа жиі ие бейінді мамандардың кеңестері (кардиолог, гинеколог, невропатолог, пульмонолог) мен зерттеулер (рентген, УЗИ) бойынша жалпы 73 602 қызметтің 73 587-і алғашқы 3 күнде қызметтерге қолдары жеткен.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*