Шымкент жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың «Діни танымдығын арттыру» бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шараның мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.
Аталған кездесуге Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Нұржан Кеңесұлы және «Парасат» колледжінің студенттері қатысты.
Мақсаты: Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу және жалпы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында «Жастар арасында ұлтаралық татулық» пен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, студенттермен кері байланыс орнатылды. Сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелік, біліктілік, ата-ананы құрметтеу сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватсап) кез келген ақпараттарды лайк, коментария және теріс діни ағымдағы фото-видиоларды таратпауға кеңес берді.
Сонымен бірге, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Терме – нақыл өсиет» тақырыбында талантты жастардың қатысуымен шығармашылық кездесу өтті. Аталған кездесудің мақсаты – жастардың бір-бірімен өзара байланысы мен қоғамдық іс-шараларға қатысуға қызығушылығын арттыру. Шығармашылық кездесу барысында талантты жастар қазақ салт-дәстүр өнерінде кеңінен қолданылып келе жатқан, лирикалық өлеңнің бір түрі – терменің шығу тарихын баяндап, бірнеше жыраулардың термелерін орындады.