Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АНАЛАР КЕҢЕСІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АНАЛАР КЕҢЕСІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен үшінші мегалопистің Әл-Фараби аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Т. Барлыбаеваның және сала мамандарының қатысуымен М.Тынышбаев атындағы теміржол колледжі студенттерімен кездесу өтті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің басты мақсаттарының бірі – отбасында толеранттылықты тәрбиелеу, балаларды салауатты өмір салтына баулу, зиянды әрекеттерге жоламауын, аулақ болуын, зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кеңінен қамту.

Бұл – қазіргі уақыттың ең өзекті мәселелерінің бірі және көпэтносты мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды ескеретін болсақ, үлкен маңызға ие мәселе. Біз бала кезден басқа мәдениеттерге, басқа тілдерге құрметпен қараушылықты, өркениетті елдің талаптарын орындау қажеттігін тәрбиелеуге тиіспіз. Бала бойына басқа ұлт өкілдеріне деген достық пейілдің, мәдениетті қарым-қатынастың негіздерін қалай отырып, біз толерантты тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеміз.

Сонымен қатар, қазіргі таңда жастар арасында нашақорлық, есірктіге, алкогольге, темекі шешуге тәуелділіктің белең алып тұр.  Ал, интернет заманы дамып тұрған уақытта алаяқтардың да көбейіп, қоғамда жағымсыз әрекеттерімен көрініп жүргені белгілі. Жастардың бойларына осы сияқты өмірдегі қиын кезеңдер мен қауіпті жағдайлардан аулақ болуларын ашық әңгімеге тарта отырып, түсіндірме  жұмыстарын жүргізудің пайдасы үлкен.

Ассамблея жанынан құрылған әр түрлі деңгейдегі аналар кеңесі жұмысының негізгі бағыты – елімізде жүргізіліп жатқан отбасылық-демографиялық саясатқа қолдау көрсете отырып, отбасы институтын сақтау мен нығайтуға ықпал ету, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосу. Аналар кеңесі әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелерін шешуге, ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді жаңғыртуға қатысады, әр түрлі іс-шаралар арқылы берекелі, тірлігі мықты әрі тату отбасыларды насихаттайды. Елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды түсіндіру бойынша жұмыстар өз алдына бір төбе.

Аналар кеңесі әлеуметтік мекемелермен, оқу орындарымен, балалар мекемелерімен, бастамашыл орталықтармен тығыз және жемісті ынтымақтастық жасайды. Аналар кеңесінің әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінде ұсынылған көптеген қоғамдық маңызды бастамалар мен жобалар осы серіктестіктің нәтижесі болып табылады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*