Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкентті көріктендіруге дизайнерлер атсалысып жатыр

Шымкентті көріктендіруге дизайнерлер атсалысып жатыр

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.

Бүгінде шырайлы Шымкент қаласын көріктендіру шараларына дизайнерлер атсалысуда, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Қазіргі таңда Тұран ауданы аумағындағы айналма жолдардың жиегі көпжылдық гүлдермен көмкерілуде. Сальвияның — 6 000, цинерарияның — 2500, остеоспермумның — 1500, шафранның — 6000 данасы белгіленген аумақтарға отырғызылуда. Алдағы уақытта арнайы орындарға жалпы саны 550 мың түп көпжылдық және біржылдық гүлдерді отырғызу жоспарлануда. Көріктендіру шараларына жұмысшылар мен техникалар жұмылдырылып, агрономдар мен дизайнерлер атсалысуда. Бұдан бөлек, қалада “Қызғалдақтар маусымы” басталды. Үшінші мегаполистің символына айналған қызғалдақтар бүгінде бүр жарып, қаланың көркін айшықтай түсті. Сары, қызыл, көк, күлгін түсті қызғалдақтардың 1 миллион данасы айналма жолдар мен орталық көшелерге, саябақтар мен гүлзарларға отырғызылды. Голланд қызғалдақтары әр ауданға орташа есеппен 200 мың дана егілді.

Сондай-ақ, биыл күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын көктем гүлдерінің санын 2 миллион данаға жеткізу жоспары бар. Өз кезегінде бұл гүлдер қала сәнін одан сайын кіргізері анық. Айта кетейік, Шымкент қаласында өткен жылдың қазан айында бастау алған «Менің гүлді аулам» байқауының жеңімпаздарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Аталған байқауға жалпы қала бойынша 100-ге жуық көпқабатты үй өтінім тастап, арнайы құрылған комиссия мүшелері әр ауланы аралап, тұрғындармен кездесіп, критерийлерге сәйкес бағасын берді. Енді сәуір айының соңына дейін жеңімпаздарды марапаттау шарасы қалалық фестиваль форматында ұйымдастырылатын болады.

Сонымен қатар, қаланың туристік мүмкіндіктерін жарнамалау мақсатында өңірдің туристік нысандары мен гастрономиясы туралы интерактивті альбом дайындалуда. Альбомға туристердің арасында танымал 20 нысан мен ұлттық тағамдар туралы 3 тілде ақпарат берілетін болады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*