Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ: МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ: МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту мақсатында бірқатар тапсырмалар беріп, дәстүрлі Жолдауларында ерекше пәрмен беріп отыр.

Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Шымкент қаласында мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған бірқатар істер атқарылып келеді.

Шымкентте қазақ тілін үйреніп, мемлекеттік тілде мүдірмей сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің қатары көбеюде. Күні кеше этнос өкілдерінің арасында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» атты байқауда қазақшаға судай бірқатар өзге ұлттың жастары таңдай қақтырды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Әсіресе, Ш.Құдайбердіұлының шығармасын жатқа оқыған N42 орта мектептің 8 сынып оқушылары Дильмуратова Маржона, Ахматкулов Асылбек пен N23 мектептің 9 сынып оқушысы Галимов Шамиль қазақша мүдірмей сөйлеп, өз ойларын бүкпесіз жеткізді.

«Тілге құрмет – елге құрмет» — демекші тіліміздің мерейін көтеру, оны білу әрбір Қазақстандық азаматтың парызымыз. Осыған сәйкес, еліміздегі этнос өкілдерінің де мемлекеттік тілді барынша меңгеруі, оның даму аясын одан сайын арттыра түспек.

Айта кетейік, Шымкент қаласында мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтсақ, бүгінгі танда орыс сыныптарында қазақ тілін тереңдетіп оқыту қолға алынған. Қазақ тілін оқытудағы ең тиімді тәсіл – тіл дамыту әдісі. Осы мақсатта қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері сөздік жұмысы, жаттығуларды жазбаша және ауызша орындау арқылы дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді. Сонымен қатар, тіл үйренушілерге арналған «Қазақ тілін оқытудың әдістемесі» оқу құралы арқылы дәріс берілуде. Бұл оқу құралында әлеуметтік-тұрмыстық, күнделікті өмірде қолданылатын сөз орамдары мен лексикалық минимумдар, сөйлеу әрекеттерінің жазылымы, оқылым, сөйлесім, тыңдалым, айтылым бөліктері қамтылған.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 246 білім беру мекемесі бар. Оның ішінде 92 мектепте 91371 оқушы қазақ тілінде білім алса, аралас тілді 154 мектепте 157 816 оқушы оқиды. Бүгінде аралас тілді мектептерде өтетін іс-шараларды қазақ тілінде өткізуге басымдық беріліп отыр.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*