Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды техникалық колледж жастары арасында «Өмір — сен маған қымбатсың» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында күйзелістік жағдайлардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың және қыздар арасында ерте жүктіліктің, өз-өзіне қол жұмсау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында есірткіге қарсы зиянды психотроптық, улы заттардан қорғау, алкогольдік ішімдіктерді қолданудың алдын алу, түрлі керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау, зорлық – зомбылықтың алдын алу және діни экстремизммен терроризмнің алдын алу және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бағытында жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыстары жүргізілді.
Орталық психологымен өткен кездесуде жастарға аутодеструктивті іс-әрекет, құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сергіту сәтіне арналған бірнеше жаттығулар ойнатылды.
Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығы мен С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен қыздар мен ата-аналар арасында «Қыз – өмірдің қызғалдағы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Аталған кездесу — қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау және келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру. Семинар-тренингке мектеп психологы Бекбосынова Кулия Даулетқұлқызы, мектеп медбикесі — Муталиева Базаркүл Курбаналиева қатысты. Олар кездесу кезінде, ерте жастағы жүктіліктің қауіп-қатері мен оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сала мамандары жат ағымдардың жетегінде кетпеу керектігін ескертті. Әсіресе, дін атын жамылған керағар діни топтардың қоғамға, еліміздің тұтастығына төндіретін қаупінің алдын алу мәселелері сөз болды. Жасөспірімдердің осындай діни ағымдар мен топтарға еріп кетпеуі бүгінде өте маңызды мәселе.
Сонымен қатар, тренинг соңында семинарға қатысушы оқушылар, ата-аналар және сынып жетекшілер арасында профилактикалық жұмыстар мен тренинг жаттығулары жүргізілді.
Айта кетейік, Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мамандығым-болашағым» тақырыбында №28 жалпы орта мектеп оқушылары «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайына экскурсия жасады.
«Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайының маманы жастарға елдегі ашаршылық құрбандары мен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға арнап ашылған тұңғыш мекемедегі мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің және жаппай қуғын-сүргіннің құрбандары болғандардың құжаттары мен суреттері жинақтарымен таныстырды.