Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ:  КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ АТАУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ:  КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ АТАУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласындағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған 23 тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарына Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау және зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда, бекітілген кестеге сәйкес, қалаға қарасты  Әл-Фараби ауданы бойынша этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптарда, атап айтқанда:  Көркем (Забадам), Қарасу, Химфарм шағын  ауданы бойынша  кәсіпкерлік нысан иелеріне, барлығы 37 кәсіпкерлік нысандарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының  «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ және қалаға қарасты бес аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінен   патрульдік топ құрылған.

Топ тарапынан  қолданыстағы заң талаптарын сақтамаған 19 кәсіпкерлік нысандардың иелеріне арнайы  парақшалар таратылып,  ескертулер берілді. Қолданыстағы заңның тиісті дәрежеде сақталуына бағытталған жұмыстар жалғасуда.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*