Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » 2023 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҮШ АЙЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА 84,8 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

2023 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҮШ АЙЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА 84,8 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Мемлекет басшысының Жолдауында елімізге инвестиция тарту мәселесіне де ерекше тоқталды. Елдегі экономикалық жағдай соған тікелей байланысты. Демек, бұл өңір басшыларының да тікелей міндетіне кірмек. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 84,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, Ол 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,6% құрады.
Жалпы 2023 жылы Үшінші Мегаполиске 721,7 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде.
Шымкент қаласында 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,7 трлн. теңгені құрайтын 227 инвестициялық жобаның базасы жасақталды. Инвестициялық жобалар негізінде қаламызда 18 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
Атап айтқанда, 2023 жылы құны 129 млрд. теңгені құрайтын 49 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орынының ашылуы жоспарлануда.
Бүгінде «Тассай» индустриялық аймағында 50,3 млрд. теңгеге 2,6 мыңға жуық жаңа жұмыс орнымен 42 жоба іске асырылуда.
Оның ішінде, жалпы құны 36,7 млрд. теңгелік 24 жоба іске қосылып, онда 1,8 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.
2023 жылы 7 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Инвестициялық құны – 2 млрд. теңге, 200 жаңа жұмыс орындары құрылады.
1 теңге бюджеттік инвестицияға 35 теңге жеке инвестиция тартылды.
Жалпы аймақ жұмыс істеп тұрған кезеңнен бері аймақ қатысушыларымен бюджетке 6,8 млрд. теңге салық төленген.
Сонымен қатар, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция көлемі 58,4 млрд. теңге тұратын 35 жоба іске асырылып, 2,5 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды. 1 теңге бюджеттік инвестицияға 15 теңге жеке инвестиция тартылды. Жалпы аймақ жұмыс істеп тұрған кезеңнен бері аймақ қатысушыларымен бюджетке 8,2 млрд. теңге салықтық және әлеуметтік аударымдар жасалған.
Жұмыс істеп тұрған индустриялық аймақтардың жобалармен жылдам толуына байланысты аумағы 867 га 5 жаңа өнеркәсіптік алаңдар құрылуда. Нәтижесінде, инвестиция көлемі 398 млрд. теңгені құрайтын 271 жоба іске асырылатын болады.
Ағымдағы жылы «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін аяқтау жоспарлануда.
Индустриялық аймақтың жалпы аумағы – 132 га. Бүгінде онда орналастырылатын 22,7 млрд. теңгеге 1,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарымен 21 жобалар пулы әзірленді.
Сондай-ақ, жеке «Standard» индустриялық аймағы құрылуда. «Оңтүстік» АЭА 175 га дейін және сауда-логистикалық орталығын 136 га дейін кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*