Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкент: Биыл Құрсай елдімекені сапалы ауыз сумен толық қамтылады

Шымкент: Биыл Құрсай елдімекені сапалы ауыз сумен толық қамтылады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.

Осы орайда, қалалық инфрақұрылымды жүйелі дамыту мақсатында жүргізілген жұмыстар бойынша биыл Құрсай елдімекені сапалы ауыз сумен толық қамтылады, деп хабарлайды  jetpisbai.kz.

Тұран ауданы аумағындағы Құрсай елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарының 2-кезеңі 2021 жылы басталған. Бүгінге дейін ұзындығы 151 шақырым су құбырының 92%-ы тартылған. Биылғы маусым айында қолданысқа берілетін нысан шағынаудандағы 22 мыңнан астам абонентті сапалы тіршілік нәрімен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінде ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 99,5% құрап отыр. Сондай-ақ, қазіргі таңда Құрсай елдімекенін табиғи газбен және жарықпен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жыл соңына дейін басталатын құрылыс жұмыстарын алдағы жылы аяқтау жоспарлануда.

Айта кетейік, бүгінде қаладағы 81 елдімекеннің 78-не ауыз су үздіксіз берілуде. Бүгінде Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші жаңа құрылыс аудандарына су құбырлары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 6 нысан пайдалануға беріліп, нәтижесінде 72 мыңға жуық отбасы сапалы ауыз суға қол жетізеді. Қала халқын тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші биыл 98,5%-дан 100 пайызға дейін артады. Қазіргі таңда ауыз су құбыры тартылып жатқан елді мекендердің бірі – Қайнарбұлақ. Бұл жерде бүгінде ауыз су кесте бойынша сағаттап берілде. Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 6,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде өткен жылы 2,9 миллиард теңге игерілген болса, биылғы жылға 3,8 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекеме – «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысты қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Биылғы жылдың төртінші тоқсанына қарай жұмысты толық аяқтау жоспарланған.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*