Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Шымкентте «Тарихи тұлғалар: ұлттық тәрбие және сабақтастық» атты республикалық форум өтті

Шымкентте «Тарихи тұлғалар: ұлттық тәрбие және сабақтастық» атты республикалық форум өтті

Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған республикалық форумға Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев қатысты.

Баяндама барысында спикер құқыққа қайшы әрекеттерге баруға студенттің де, оқытушының да мүмкіндігі мен ниеті болмайтындай жағдайлар жасау қажеттігін атап өтті.  Бұл ретте Академиялық адалдық негізгі қағидаға айналуы керек.

Сондай-ақ форумға қатысушылардың назарын жоғары білім беру саласында ашықтық пен парасаттылықты ілгерілету бойынша бұрын қабылданған ұсынымдар мен стандарттарға аударды.

Оның айтуынша, бүгінде көптеген жоғары оқу орындарында Академиялық адалдық қағидаттарын енгізу арқылы сыбайлас жемқорлықты жоюдың табысты мысалдары аз емес. Осыған орай жемқорлыққа қарсы әдістерді одан әрі жетілдіріп, жастар арасында адалдықты тәрбиелеу, комплаенс-қызметтерді енгізу қажеттігін хабарлады.

Сонымен бірге, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.

Жоспарланған жұмыс шеңберінде бюджеттеудің проблемалық мәселелері және оны игерудің ашықтығы зерделенетін болады.

Бұл туралы жұмыс тобымен кездесуде қалалық Антикор басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев айтты. Топ құрамына Департамент пен білім басқармасының қызметкерлері, мемлекеттік кірістер, білім сапасын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлік, ішкі аудит, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдар, «Әділдік жолы» РҚБ филиалының өкілдері, сондай-ақ қоғам белсенділері кірді.

Талдау қорытындысы бойынша педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге, мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруға және балаларды тамақтандыруға, мемлекеттік сатып алуды жүргізуге, жан басына шаққандағы қаржыландыруға қатысты бірқатар ұсыныстар берілетін болады.

Сөз соңында студенттер мен ата-аналар Агенттіктің 1424 Call-орталығынан хабардар екенін мәлімдеп, аталған нөмірге келіп түскен хабарламалар туралы айтты.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*