Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев және әкімнің орынбасары Нұрсадық Ергешбек Тұрғын үй басқармасының қызметкерлерімен жиын өткізді.
Іс-шара барысында ипотекалық жеңілдетілген тұрғын үйді сату үшін ұйымдастырылған конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қабылдауға қолданылған бірқатар санкцияланбаған іс-әрекеттер жасау фактілері бойынша Басқарманың жауапты лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыну қаралды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың мамандарымен бірлесіп тексеру жүргізіліп, онда ақпараттық жүйеге түскен өтінімдерге заңсыз өзгерістер енгізу фактілері анықталған.
Сонымен қатар, өнім берушіні (авторды) таңдауы, сондай-ақ жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін негіздейтін құжаттар болмаған.
Қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Қалалық Антикор қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыну енгізді.
Айта кетейік, а.ж. үш айында қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен мемлекеттік органдарға ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде 10 ұсыну енгізіп, 60 тәртіптік шара қолданылған.
Сонымен бірге, «Бизнеске жол» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері «Көктем» базарында, сонымен қатар «Тұлпар-2030», «Север» сауда орталықтарында жеке кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шарада қатысушылар бизнесті қорғау және заңсыз араласуға жедел ден қою үшін құрылған Мобильді топтың жұмысымен танысты.
Қатысушыларға бизнесті қорғау және кәсіпкерлікті қолдау бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтылды.
Сондай-ақ, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністері мен кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау жағдайлары туралы ақпаратты сеніп тапсыруға болатыны Агенттіктің 1424 Call-орталығы мен Департаменттің нөмірі көрсетілген жадынамалар таратылды.