Шымкент қалалық Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала аумағында жол апатын азайту, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Шара аясында тәртіп сақшылары қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтті. Сондай-ақ, жүргізушілер мен автобустарды жолға шықпай тұрып медициналық және техникалық тексеру шараларын, жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимін сақтауын тексеру бойынша шаралар өткізеді.Осылайша мегаполисте екі тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 356 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Атап айтқанда,
— ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (жолаушыларды, багажды және заттарды
тасымалдау ережесін бұзу) – 12;
— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған
көлік құралын басқару) – 14;
— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі (рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеу) – 1;
— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) – 32;
— ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 112;
— ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (маневр жасау қағидаларын бұзу) – 67;
— Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу(айыптұраққа қою) — 3;
— Автобус парктерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны – 1;
— ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігі (міндетті сақтандыру қағидасын бұзу) – 24.
Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.