Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Оқу-әдістемелік жиында есірткі қылмыстарының алдын алу және анықтау әдістері қаралды

Оқу-әдістемелік жиында есірткі қылмыстарының алдын алу және анықтау әдістері қаралды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының бұйрығымен Шымкент қаласында өткізілген оқу-әдістемелік жиында еліміздің барлық өңірінен жиналған әскери полиция қызметтерінің бастықтарына «Есірткі қылмыстарының алдын алу және анықтау әдістері» тақырыбында арнайы дәріс өткізілді, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

«Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде. Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі  10 есе артқан. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастады. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып  жатыр. Есірткіні тіпті үйге әкеп беретіндер бар. Бұл — аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел.

Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс. Сондықтан нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет». Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауынан.

Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков қатысып, тақырып бойынша тәжірибелік әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Кездесу барысында басшыларға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, олар бойынша сұхбат алмасып, өздерінің көзқарастары тыңдалды.
Сондай-ақ, әскери қызметте және сапта құқық бұзушылықтарға жол жоқтығын, әскери қызметкерлерге әрқашанда Отанды қорғау қорғау үшін дені сау азаматтардың және сарбаздардың қажет екендігін, зиянды әдеттерге бет бұрмаудың маңыздылығын, олардың зияндығы мен заңда белгіленген жауапкершілігі туралы ұдайы жеке құрамға жеткізіп отыру қажеттігі ескертілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*