Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкентте Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өтті

Шымкентте Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өтті

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған іс-шарада Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың мызғымас тыныштығы үшін еңбек етіп, күндіз-түні қызметте жүрген полицейлерге Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болуға шақырды.
Мемлекеттік Әнұран мен Көк туымызды ортаға әкелу рәсімінен басталған іс-шарада, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың мерекелік құттықтау сөзі оқылды.
Салтанатты шара аясында қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері» төс белгісі полиция полковнигі Бейсенбаев Арман Арун-Рашидұлына табысталды.
Сондай-ақ, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция майоры Раисов Мұратәлі Ахадилұлы, полиция капитаны Оралбеков Асқар Диханбайұлы, полиция сержанты Абдухалықов Азат Шақанұлы марапатталды. ІІМ-нің бұйрығымен 11 қызметкерге мерзімінен бұрын «майор», «подполковник», «полковник» шені берілді.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тарапынан бес полиция қызметкеріне «Қазақстан полициясына 30 жыл» естелік төс белгісі, II дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісімен 5 қызметкер, 16 қызметкерге Грамота, 9 қызметкерге Алғыс жарияланып, 20 қызметкердің мерзімінен бұрын тәртіптік шарасы алынды.
Мерекенің соңы талантты полицейлер мен эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*