Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкент: Дарынды оқушылармен кездесу өткізілді

Шымкент: Дарынды оқушылармен кездесу өткізілді

«Мейірім – жүректен» айлығы аясында Шымкент қаласындағы дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернатында «Құқықбұзушылық және жасөспірім» тақырыбында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «құқықтық сағат» ұйымдастырылды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылымысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков және Тұран АПБ ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция капитаны Мөлдір Ташай қатысты.
Кездесуде сала қызметкерлері жасөспірімдер арасында көптеп кездесетін мәселелерге тоқталып, зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіріп, жас қылықтардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық пен психологиялық бағытта толыққанды ақпарат айтылып, оқушылармен кері байланыс орнатылды.
25 сәуір мен 25 мамыр аралығына жоспарланаған айлық аясында түрлі кездесулер, семинар-конференциялар, дебаттар, акциялар ұйымдастыру көзделуде. Мұнымен қоса, психологиялық көмектер өткізу, үнқағаздар тарату, сауалнама мен ақпараттық қауіпсіздік жүргізу жоспарда бар.
Айта кетейік, қалалық білім басқармасының мәліметінше, «Мейірім жүректен» акция аясында мектебім буллингке қарсы, құқық бұзушылыққа қарсы іс-шаралар бектіліп, ата-аналармен біріккен үштік одақты күшейтіліп,  арнаайы семинар-тренингтер өткізілуде. Оқушыларға нормативтік-құқықтық актілер жөнінде түсіндірме жұмыстары жиі жүргізіледі. Аналар, әкелер, әжелер клубының жұмысын жанданып, «Әжемнің ертегісі» деген жобасы қолға алынуда.  Зейнеткер жасындағы бүкіл ата-апалар мектепке шақырылып, балаларға ақыл-кеңесін беруде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*