Шымкентт қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы №127 мектепте оқушылармен кездесу өтті.
Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Осы орайда, Еңбекші АПБ ЖПҚБ ЮПБ аға учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Н.Себаев мектеп оқушыларына құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша сабақ өткізді. Дәрісте жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылық, зорлық-зомбылық, әлімжеттік, өз-өзіне қол жұмсау, нашақорлық, темекі оның ішінде электронды шылым тақырыптары қозғалды.
Полиция капитаны қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шараларға тоқталды. «Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін де айта кету керек», – дейді Нұрсерік Қалдыбекұлы.
Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар мектеп инспекторына өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары