Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкент: Тұран-2 шағынауданында жаңа үйлердің аулалары абаттандырылып жатыр

Шымкент: Тұран-2 шағынауданында жаңа үйлердің аулалары абаттандырылып жатыр

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.

Осы орайда, бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран-2 шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік-инфрақұрылым жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды jetpisbai.kz.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазір Тұран-2 елдімекенінде 1 112 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Былтыр осы аумаққа жылу, су, кәріз және электр жүйесі тартылған болатын. Қазір мұнда ішкі орамды тегістеу, абаттандыру, аяқжол және асфальт төсеу жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар, шағын ауданның 25,26 орамдарына инженерлік инфрақұрылым желілері тартылуда. Нысандарды толық қолданысқа беру биыл екінші жартыжылдыққа жоспарланған.

Сонымен қатар, бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Тұран-2 шағын ауданындағы құрылыс нысандарын аралаған соң, келесі локация Бозарық елдімекеніне бірқатар шолу жасады. Шағынауданда мемлекеттік бюджет есебінен 49 тұрғын үй бой көтерген. Алдағы уақытта аталған аумақта 9 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Мұрат Дүйсенбекұлы шағын ауданның даму жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстарды қадағалап, мердігер мекемелердің жұмыс кестесін де назарға алды. — График бекітілген, талап бар! Әкімдік тарапынан уақытылы қаражат жіберу жағы шешілген. Тек өздеріңіз қол қойған кестеге сай жұмыс істеу керек! – деген қала әкімі басқарма басшыларына тұрғындарды баспанамен қамту мақсатындағы жұмыстарды сапалы, әрі жұмыс кестесіне сәйкес аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, Шымкентте мемлекет бюджеті есебінен 67 көпқабатты тұрғын үй салынып, 17 үйдің абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйлердің ирригациялық жүйелері тартылып, ішкі жолдары асфальттелген. Қазір аулада көгал төселуде, бригада ауланы абаттандыру жұмыстарын аяқтап жатыр. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға қолданысқа дайын 432 пәтерді мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана кезегіндегі тұрғындарға үлестіруді ұйымдастыруды тапсырды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*