Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТОҚЫМА САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ ФАБРИКАҒА БИЫЛ 10 ЖЫЛ

ТОҚЫМА САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ ФАБРИКАҒА БИЫЛ 10 ЖЫЛ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау мақсатында бірқатар тапсырмалар беріп, дәстүрлі Жолдауларында ерекше пәрмен беріп отыр.
«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкентте кәсібін кеңейтіп, жұмысын сәтті жүргізіп жатқан өндіріс орындарының саны артуда. Солардың бірі —«Bal Tekstil » ЖШС кілем фабрикасының құрылғанына 10 жыл толуына орай отандық кілем форумы өтіп жатыр. Отандық кілем өндірісінің дамуына арналған республикалық форумға 400-ден астам бизнес қауымдастық өкілі, кәсіпкерлер қатысуда.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тоқыма саласындағы көшбасшы компанияны мерейтойымен құттықтап, алдағы жаңа бастамаларына сәттілік тіледі.
– Бұл форум еліміздегі кілем өндірісінің дамуына ықпал етіп, жаңа серпін береді. Бүгінде Шымкент қаласында жеңіл өнеркәсіп саласында 173 кәсіпорын жұмыс істесе, оның 45 пайызы тоқыма фабрикаларының үлесінде. Соңғы үш жылда тоқыма өндірісінде өндіріс көлемі 10 пайызға ұлғайып, инвестиция көлемі артты. Қазіргі таңда «Оңтүстік» АЭА-та 35 жоба іске асырылуда. «Бал текстиль» ЖШС жылдық өндірісті ұлғайтты. Жергілікті компанияның өнімдері алыс-жақын шетелге танымал. Осындай жетістікке жеткен компанияның ұжымына сәттілік, мол табыс, жаңа белестер тілеймін, – деді қала әкімі.
Еліміздегі бірегей кілем өндіруші «Bal Tekstil» фабриканың өнімдері экспортқа BAL CARPET брендімен шығып жатыр. Бұл компания 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
Bal Tekstil -дің негізін салушы Талғат Ысқақов өнімдерді шығарумен қатар, нарыққа тарату, таныту да ауқымды жұмыс екенін атап өтті. 2014 жылы 4 станокпен басталған өндірісте қазір 20 тоқыма станогы жұмыс істеп тұр. Белгілі кәсіпкер азаматтарды жұмыспен қамту үшін отандық өндірісті дамыту керек екенін айтты.
Сондай-ақ, «OTANDYQ KILEM FORUMY» іс-шарасында отандық кілем өндірісіндегі мәселелелер, оның шешу жолдары талқыланып жатыр.
Мемлекет басшысының Жарлығымен өңірде мақта-тоқыма кластерін құрып, дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Тоқыма компанияларына салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 58 млрд теңгені құрайтын 35 жоба іске асырылуда. Кәсіпорындарда 2,5 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс істеуде. Оның ішінде 20 жоба тоқыма өнеркәсібінде жүзеге асырылды. Тоқыма саласының көшбасшысы – кілем және кілем бұйымдарының өндірісімен айналысатын жергілікті «Бал текстиль» компаниясы. 10 жылдан бері нарықта келе жатқан компания 4 инвестициялық жобасын жүзеге асырып, онда 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылына 8,5 миллион. Шаршы метр кілем бұйымдары мен 4 мың тонна синтетикалық иірімжіп шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын тарапынан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне 5 миллиард теңгеден астам соммаға өнім экспортталған. Тоқыма саласын дамытуға жол ашатын бүгінгі кездесуде жаңа бастамалар талқыланып, сала өкілдерінің тәжірибе алмасуына, іскерлік байланыстарды орнатуына мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*