Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкентте жыл соңында Арғынбеков көшесіндегі жолайрық пайдалануға беріледі

Шымкентте жыл соңында Арғынбеков көшесіндегі жолайрық пайдалануға беріледі

Экономикада басты міндеттердің бірі – жол инфрақұрылымын дамыту. Республикалық маңыздағы ғана емес, ауыл-аймақтағы автожолдардың өзі тақтайдай тегіс, сапалы салынуы қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған баса мән беріп, Үкіметке тиісті тапсырма берген болатын. Енді жылдан-жылға жол құрылысына бақылау күшейіп келеді.

Расымен, Президент пәрменінің жөні бар. Былтыр қыркүйектегі Жолдауында автожол құрылысына қатысты, оның ішінде жергілікті жолдардың сапасыздығы жөнінде бірталай сын айтты. Қыруар қаржы бөлінсе де, шешімін таппаған мәселеге Мемлекет басшысы алаңдаған еді.

Бір сөзбен айтқанда, жол инфрақұрылымы өте – маңызды әрі күрделі сала. Кез келген мемлекеттің даму деңгейі де жол сапасымен бағаланады.

Шымкент қаласындағы Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында 3 деңгейлі жолайрықтың құрылысы қарқынды іске асырылуда, деп хабарлайды jetpisbai.kz.

Өздеріңізге белгілі 15 мамыр күні халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Арғынбеков көшесі ашылды. Жолайрық құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру ағымдағы жылдың соңына жоспарланып отыр. Ал, келесі кезекте Бәйдібек би – Арғынбеков көше қиылысының жолайрық құрылысының 2 кезегі іске асырылады. Осы ретте Жібек жолы – Сайрам көшелерінің қиылысында, Бәйдібек би – Төлеметов көшелерінің қиылысында, А-2 автомобиль жолы мен Бәйдібек би даңғылының қиылысында жолайрық салу жоспарланған. Жоғарыда аталған жобалар іске асырылған жағдайда Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісі құрылыс жұмыстарымен қамтылып, заманауи талаптарға сай көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары болады. Сондай-ақ, жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтатын болсақ, бүгінде қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2023 жылы 236,3 шақырымды құрайтын 297 көшеге жөндеу жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде 24 көше көлік ағыны жоғары әрі, қоғамдық көлік қатынайтын орталық магистрал көшелер. Бекітілген жоспарға сәйкес, магистралды көшелер мен елді мекендердің ішкі орам көшелеріне басымдылық берілуде. Одан бөлек, жол көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында 37 356,9 шақырым қала көшелерінің жол шұңқырлары жамалды. Оның ішінде: — Абай ауданы – 9 527 шақырым; — Әл-Фараби ауданы – 7 726,9 шақырым; — Еңбекші ауданы – 9 263 шақырым; — Қаратау ауданы – 10 840 шақырым.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 1886 аялдама орны бар. 2020 жылдан бері жаңа типтегі аялдама павильондарын орнату жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда жаңа аялдама павильондарының үлесі 35,5% құрайды. 2023 жылы 250 аялдама павильонын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, қажеттілігі бар аймақтарға 12 бағдаршам орнату жоспарлануда. Қала аумағында орналасқан 291 бағдаршам нысандарына күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*