Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында «Үкімет жүйесіз бағдарламалар қабылдау тәжірибесін тоқтатып, тұрғын үй саясатын жетілдірудің бірыңғай моделін әзірлеуі қажет», деп айтып өткен болатын.

Осы тапсырма негізінде Шымкент қаласында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының негізінде тұрғын үйлердің жалпы аумағын ұлғайту мақсатында тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру жоспары бекітілді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 23.05.2023 жылдан бастап сағат 10:00-ден 31.05.2023 жылдың 19:00-ге дейін жүргізілетін болады. Конкурстық пәтерлер Тұран шағынауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйлерде орналасқан 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер.
«Шаңырақ» бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық санаттағы азаматтар қатыса алады. Бағдарлама бойынша 10% бастапқы жарнаны толтырып, жылына 5% мөлшермен 20 жылға несие алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар аталған бағыт шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады.
Конкурстық іріктеу мерзімі Отбасы банкпен төлем қабілеттілігін бағалау брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Айта кетейік, Шымкент қаласында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегіндегі 65 отбасы арендалық баспанамен қамтылды. Оның ішінде 50 пәтер көпбалалы отбасыларға, 15 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы толық емес отбасыларға, 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтарға берілді. Пайдалануға берген жаңа баспаналар 189 орамда орналасқан. Биылғы жылы тұрғын үй кезегіне санаттар бойынша тіркелген азаматтарға 324 пәтер, жастарға 888 пәтер, несиелік бағытта 2037 пәтер берілу көзделіп, оның ішінде қазіргі таңда 902 азамат 5-20-25, 2-10-20 «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша қамтылды.
Сондай-ақ, Шымкентте мемлекеттік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болған тұрғын үй кезегіндегі 145 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді. Қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 60 көпбалалы отбасы, 13 толық емес отбасы, 68 ерекше бала асыраушы отбасы бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*