Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкент: Ақниет шағын ауданында бес көше жөндеуден өтеді

Шымкент: Ақниет шағын ауданында бес көше жөндеуден өтеді

Экономикада басты міндеттердің бірі – жол инфрақұрылымын дамыту. Республикалық маңыздағы ғана емес, ауыл-аймақтағы автожолдардың өзі тақтайдай тегіс, сапалы салынуы қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған баса мән беріп, Үкіметке тиісті тапсырма берген болатын. Енді жылдан-жылға жол құрылысына бақылау күшейіп келеді.

Расымен, Президент пәрменінің жөні бар. Былтыр қыркүйектегі Жолдауында автожол құрылысына қатысты, оның ішінде жергілікті жолдардың сапасыздығы жөнінде бірталай сын айтты. Қыруар қаржы бөлінсе де, шешімін таппаған мәселеге Мемлекет басшысы алаңдаған еді.

Бір сөзбен айтқанда, жол инфрақұрылымы өте – маңызды әрі күрделі сала. Кез келген мемлекеттің даму деңгейі де жол сапасымен бағаланады.

Шымкент қаласы Ақниет шағын ауданында 5 көше жөндеуден өтеді, деп хабарлайды jetpisbai.kz.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазір Ақниет шағын ауданындағы 21 көшенің 16-ы асфальтталған болса, 5 көшеге шағал тас төселген. Аталған шағын аудан көшелерін 2024 жылға дейін толық 100 пайыз жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мәселен, келесі жылы Ақеділ, Наркескен, Ақкөгершін, Сарқырама көшелері және атауы жоқ 1 көшені асфальтталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, 21 көшенің қазір екеуі ғана жарықтандырылғандықтан, 2024 жылы Сырғалы және Мейірімді, ал 2025 жылы Рауғаш, Асқартау, Сардар, Шағала, Ақбиік көшелері жарықтандырылады деп күтілуде. Одан бөлек, Әл-Фараби ауданында ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше-даңғыл мен өткелдер бар. Жолдардың 230 шақырымы асфальт, 25,7 шақырымы тас жол және 4,3 шақырымын топырақ жол құрайды. Биылғы жылы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Әл-Фараби ауданында 22 көшеге ораташа жөндеу және 14 көшеге шағал тас төсеу бойынша жұмыстар атқарылады. Сонымен қатар, шағал тас төсеу үшін Сәуле шағын ауданындағы атауы жоқ 14 көше ұсынылды.

Сонымен қатар, Шымкенттің оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолындағы жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Қонаев даңғылы жалғасының 5-ші кезеңі Бадам өзенінен Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аралықтың ұзындығы – 4,7 шақырым, ені – 42 метр, 6 жолақты. Ал нысанының 6-шы кезеңі Әскери бөлімнің тұсынан ПК-132 дейінгі аралық, бұл кезеңнің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 15 метр, 4 жолақты. Қазір мұнда бригадалар жер төсемелерін салып, жер асты темірбетонды құбыр орнатуда. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға Бадам өзенінен өтетін көпірді Саттарханов көшесімен қосу жұмыстарын аяқтауға 3 ай мерзім берді.

Айта кетейік, Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Ақниет шағын ауданында бүгінде 3 140 халық тұрады. Шағын ауданның аумағында 721 жеке секторлы үй, 3 балабақша, 1 спорт алаңшасы орналасқан. Сондай-ақ, 1 талшықты интернет орнатылған. Аталған аймақ 100% ауыз су, электр желісі және табиғи газбен қамтылған.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*