Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕПТІ 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮЛЕК БІТІРЕДІ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕПТІ 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮЛЕК БІТІРЕДІ

Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Оқу жылының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Биыл Шымкент қаласындағы білім ошақтарында 9 сыныпты 21 485 және 11 сыныпты 11 653 түлек аяқтайды.
Әйткенмен соңғы қоңыраудың соғылатын күні маусымға дейін ұзармақ.
Барлық өңірлердің ұсынысы негізінде 9,11 сынып оқушылары үшін «Соңғы қоңырау» 1 маусым болып белгіленді. Ал Білім беру ұйымдарының 11 сынып бітірушілеріне мемлекеттік үлгідегі аттестат 20-22 маусым күндері тапсырылды.
Айта кетейік, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева арнайы бұйрық шығарды. Құжат мәтініне сүйенсек, 2022-2023 оқу жылының аяқталуына орай, бітіруші 4, 9, 11 сыныптардың бітіру кештерін ұйымдастыруына, мұғалімдерге сыйлықтарға және жөндеу жұмыстарына, түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға, мекемеге қажетті кеңсе заттары мен шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта (оқу кабинеттерін жабдықтау, сыныпқа гүл, кабинеттің гигиеналық құрал-жабдықтары, оқуға керекті кеңсе тауарлары және т.б.) ақшалай және заттай жинауға қатаң тыйым салынады.
Сондай-ақ, жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарды «Соңғы қоңырау» жиынынан соң балаларының автошерулер жүрулеріне, кешкі мезгілде топталып тойхана, кафелерде көңіл көтеріп тойлауына , қала сыртына шығып атап өтуіне де рұқсат жоқ. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасы тарапынан білім беру ұйымдарына ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілген.
Еске сала кетейік, 2022 жылы қалада 11-сыныпты бітіруші оқушылар саны 11 189 болса, оның ішінде 453 түлек «Алтын белгіге» үміткер. Мектеп бітіруші түлектердің 8 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестке қатысты. Ал, 20 оқушы шетелдік жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты ҰБТ тапсырудан бас тартқан. Сондай-ақ, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижесінде осы оқу жылында 500-ден астам шымкенттік оқушы халықаралық және республикалық сайыстарда топ жарды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*