Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Шымкент: Биыл Самал-3 ауданындағы 10–нан астам көшеге асфальт төселеді

Шымкент: Биыл Самал-3 ауданындағы 10–нан астам көшеге асфальт төселеді

Экономикада басты міндеттердің бірі – жол инфрақұрылымын дамыту. Республикалық маңыздағы ғана емес, ауыл-аймақтағы автожолдардың өзі тақтайдай тегіс, сапалы салынуы қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған баса мән беріп, Үкіметке тиісті тапсырма берген болатын. Енді жылдан-жылға жол құрылысына бақылау күшейіп келеді.

Расымен, Президент пәрменінің жөні бар. Былтыр қыркүйектегі Жолдауында автожол құрылысына қатысты, оның ішінде жергілікті жолдардың сапасыздығы жөнінде бірталай сын айтты. Қыруар қаржы бөлінсе де, шешімін таппаған мәселеге Мемлекет басшысы алаңдаған еді.

Бір сөзбен айтқанда, жол инфрақұрылымы өте – маңызды әрі күрделі сала. Кез келген мемлекеттің даму деңгейі де жол сапасымен бағаланады.

Биыл Шымкент қаласы Самал-3 шағын ауданындағы 13 көшеге асфальт төселеді, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Самал-3 шағын ауданында бүгінде 27 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 6 801 жеке секторлы үй, 2 мектеп, 3 балабақша және 3 спорт алаңшасы орналасқан. Самал-3 шағын ауданында 63 көшенің қазір 30-ы асфальтталған, 30-ына шағал тас төселген болса, үшеуі топырақ жол. 2025 жылға қарай шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде.

Мәселен, өткен 2022 жылы Б.Момышұлы көшесінің жалғасы 1,2,3,4, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын көшелері жөнделген. Биыл 13 көше жөнделеді деп күтілуде, сондықтан көрсеткіш 49 пайызды қамтиды. Ал, 2024 жылы 8 көше, 2025 жылы 12 көше жөнделсе, асфальтталу жұмыстары 100 пайызға қамтылған болып саналады. Сонымен қатар, биылғы жылы Яссауи көшесі жарықтандырылады. Сондай-ақ, 2024 жылы Сыздықов, Б.Момышұлы көшелері, 2025 жылы Б.Әлменов, Б.Саттарханов, Ж.Серікбаев, Ә.Тәжібаев көшесі жарықтандырылмақ. Жалпы Самал-3 шағын ауданы 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған.

Төменде 2023 жылы Самал-3 шағын ауданында жөнделетін көшелер тізімі:

1.Ұлы дала көшесі;

2. Юсупов көшесі;

3. Алпамыс көшесі;

  1. Ерназаров көшесі;
  2. Манас көшесі;
  3. Алмалы бақ көшесі;
  4. Қазақ ордасы көшесі;
  5. Мәңгілік ел көшесі;
  6. Тыңдала көшесі;
  7. Қобыланды көшесі;
  8. Самал жел көшесі;
  9. Құс жолы көшесі;
  10. Бесқарағай көшесі;
  11. Келес көшесі көшесі;
  12. Тамшыбұлақ көшесі.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Ақниет шағын ауданында 5 көше жөндеуден өтеді.

Қазір Ақниет шағын ауданындағы 21 көшенің 16-ы асфальтталған болса, 5 көшеге шағал тас төселген. Аталған шағын аудан көшелерін 2024 жылға дейін толық 100 пайыз жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мәселен, келесі жылы Ақеділ, Наркескен, Ақкөгершін, Сарқырама көшелері және атауы жоқ 1 көшені асфальтталады деп жоспарланған.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*