Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, ислам заңгері Қабылбек Әліпбайұлы Шымкент қаласындағы №53 және 54 түзеу мекемелеріндегі сотталғандарға жергілікті діни қызметшілермен бірлесіп тәрбиелік мәні бар топтық кездесулерді өткізді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Рухани даму — бұл тәрбие процесінің маңызды бөлігі, оның мәні бас бостандығынан айыру орындарында айқын байқалады, өйткені мекеменің тәрбие бөлімдерінің қызметкерлері сотталғандардың бойында құқықтық тәртіп нормаларын қалыптастырып қана қоймай, мораль, этика және сенім сияқты маңызды мәселелерді түсінуге көмектесуі керек. Осы мақсатта №64 мекеменің арнайы контингенті арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің теологиялық оңалту жұмысы тобының инспекторлары діни қызметкерлер өкілдерімен тұрақты кездесулер өткізеді.
Кездесу барысында РАНТ мүшесі сотталғандарға ата-бабаларымыздың салт-дәстүр мен діни жораларды орындау тәртібі бойынша негізгі әрі мызғымас қағидалары мен ережелерін атап көрсетті.
Негізгі мақсат әрі ұстаным – алған білімін халыққа жеткізіп, халықтың сенімінен шығу, Ислам дінін ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүрлі дінімізбен ұштастыра отырып насихаттау.
Сотталған азаматтар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді және осындай іс-шаралардың арқасында өздерінде қосымша тұлғалық сипаттардың жақсарып келе жатқандарын да бөлісті.
Кездесу барысында РАНТ мүшесі Қабылбек Әліпбайұлы сотталғандардың барлық қызығушылық тудыратын сұрақтарына жауап берді және теологиялық оңалту жұмыстарында сотталғандардың да белсенді қатысуын өтінді.
Кездесулер соңында тыңдаушылар өздерінің тәрбиелік мәні бар кездесу өткізгендері және қамауда ұстау кезеңінде көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдірді.