Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі М.Д.Әйтеновтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Комиссия отырысына аумақтық департамент бастықтары, Аудан әкімдері және салалық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде объектілердің қауіпсіздік жағдайы, жастар арасындағы профилактикалық жұмыстардың жай-күйі және қазіргі уақытқа дейін берілген комиссия шешімдерінің орындалуы барысы, комиссия қызметінің проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары қарастырылды.
Аталған мәселелер бойынша Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Шымкент қаласының дін істері басқармасы және ТҚК аппаратының баяндамалары тыңдалды.
Комиссия төрағасы күн тәртібіндегі әрбір мәселеге тоқталып, олардың маңыздылығы мен іске асыру ерекшеліктерін ескеруді және профилактикалық жұмыстарға жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Сонымен қатар, ағымдағы талдау нәтижелерін ескере отырып Комиссияның және оның жұмысшы тобының қызметін одан әрі жетілдіру, тұрақты жұмыс кездесулерін ұйымдастыру мәселесінде бірқатар тапсырмалар берді.
Бұдан басқа, комиссия отырысында айтылған пікірлер мен ұсыныстарды қайта қарастыру және кейіннен хаттама жобасына енгізу мәселесін де тапсырды.

Соынмен қатар, Әл-Фараби ауданы аумағында ретсіз саудамен күрес жұмыстары күнделікті жүргізіліп, тұрақты бақылауға алынған. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері аудандық полиция басқармасының өкілдерімен бірлесе «Орталық Қырғы базар» аумағында, Әлімқұлов, Төле би, Тәшенов көшелерінің бойында зерделеу жұмыстарын жүргізіп, рұқсат етілмеген орындарда сауда жасаған тұлғаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Жыл басынан бері аудандық полиция басқармасы тарапынан белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасаған тұлғаларға қатысты 327 әкімшілік хаттама толтырылған.
Қала тұрғындарын заң талаптарын сақтап, сауда-саттықты тек арнайы орындарда ғана жасауға шақырамыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*