Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкент: зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Шымкент: зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Шымкенттік полицейлер отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгінгі таңда  отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда.
Қоғам дертіне айналған зорлық зомбылықтың алдын алу және болдырмау біздің басты міндетіміз. Осы мәселеге қатысты Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері отбасылық жанжалдың туындау себебін анықтап, профилактикалық шаралар ұйымдастыруда.
Нақтырақ айтсақ, Еңбекші АПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Асель Төребай, әкімдік қызметкерлері және Еңбекші аудандық прокуратурамен бірлесіп №68 мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Шара барысында жасөспірімдерге тәрбие және заңдылық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушылардың жанұяларындағы қарым-қатынас тұрақтылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, оларды мазалаған сұрақтарға жауап берді.
Айта кетейік, полицейлер тарапынан мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Отбасылық тұрмыстық жанжал туындаған жағдайда тәртіп сақшылары азаматтарға полицияның “102” сымтетігіне хабарласуды ұсынады.
Өз кезегінде, полиция қызметкерлері қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасамауға, ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға, отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, ажырасуға, зорлық- зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңес береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*