Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » РЕСПУБЛИКА КӨЛЕМІНДЕ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

РЕСПУБЛИКА КӨЛЕМІНДЕ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына арнаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында  «Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде.  Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі  10 есе артқан. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастады. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып  жатыр.  Есірткіні, тіпті, үйге әкеп беретіндер бар. Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел», деп айтып өткен болатын. «Сонымен қатар мемлекет басшысы Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс. Сондықтан, Нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет», деп  тапсырды.
Осы орайда, Шымкент қаласында  бейнеконференциялық байланыс режимінде өткізілген нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссия отырысында «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» арналған профилактикалық іс-шаралардың салтанатты ашылуы өтті.
Аталған жиынға республикамыздың барлық өңірлерінен мүдделі мемлекеттік орган және үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері, журналистер, блогерлер, еріктілер және жанашыр тұрғындар қатысты.
Конференция барысында нашақорлықтың алдын алу және есірткінің заңсыз айналымымен күрес бағытындағы атқарылған жұмыстар, алдағы уақыттағы басым міндеттер мен жоспарланған іс-шаралар туралы сөз қозғалды.
Атап өту қажет, бүгінде осы айлық іс-шараларды Шымкент қаласында іске асыру мақсатында арнайы жоспар бекітілген. Соған сәйкес, нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жалпыға ортақ іс-шараларды кезең-кезеңімен атқару көзделуде.
Іс-шаралар 1 ай бойы, «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні», яғни 26-маусымға дейін жалғасатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*