Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ШЫМКЕНТ ПОЛИЦИЯСЫ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАЙДЫ!

ШЫМКЕНТ ПОЛИЦИЯСЫ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАЙДЫ!

Жастар арасында нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастырып, есірткі қылмысына жол бермеу мақсатында Шымкент полицейлері жасөспірімдер арасында челлендж бастады, деп хабарлайды jetpisbai.kz.
Өз кезегінде, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Карбеков №75 мектеп-гимназиясының оқушыларымен челлендж түсіріп, «Есірткіге қарсымыз!» ұранын қолдады.
Оның мақсаты — қоғамды біріктіріп, салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың есірткі зияны жөнінде хабардарлығын арттыруға және балалардың, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтауда алдын алу жұмысының маңыздылығын түсіндіруге бағытталған есірткіге қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады.
Осыған байланысты, Шымкент қаласы полиция департаментінің атынан қалалық Білім басқармасының барлық оқу ордаларына челлендж жолдаймыз. Қоғам дертіне қарсы бірге күресу үшін төмендегі шарттарды орындап, қолдау көрсетуге шақырамыз.
— Түрлі шығармашылық идеялармен есірткіге қарсы қысқаша бейнематериал түсіру;
— Дайын роликті Шымкент қаласы Полиция департаментінің «Instagram» немесе «Facebook» әлеуметтік желісіндегі мессенджеріне жолдау және жеке өз парақшаңызға жариялау;
— Әлеуметтік желіге жарияланған жазбаның астына міндетті түрде Police_shymkent парақшасын белгілеп, #Есірткігеқарсымыз хештегін тіркеңіздер.
Ұлт саулығы мен ұрпақ амандығы үшін нашақорлыққа қарсы бірге күресуге шақырады!

Айта кетейік, 26 мамыр күні бейнеконференциялық байланыс режимінде өткізілген нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссия отырысында «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» арналған профилактикалық іс-шаралардың салтанатты ашылуы өтті.

Аталған жиынға республикамыздың барлық өңірлерінен мүдделі мемлекеттік орган және үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері, журналистер, блогерлер, еріктілер және жанашыр тұрғындар қатысты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*