Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Оқу жылының соңындағы іс-шаралар есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға арналды

Оқу жылының соңындағы іс-шаралар есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға арналды

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» арналған айлық іс-шаралар аясында Шымкент қаласындағы №81 мектеп оқушыларына «Заң – қоғамның негізгі тірегі» тақырыбында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «құқықтық сағат» ұйымдастырылды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Оның мақсаты — қоғамды біріктіріп, салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың есірткі зияны жөнінде хабардарлығын арттыруға және балалардың, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтауда алдын алу жұмысының маңыздылығын түсіндіруге бағытталған есірткіге қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылымысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков қатысты.
Кездесуде сала маманы жасөспірімдер арасында көптеп кездесетін мәселелерге тоқталып, зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіріп, жаман қылықтардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық пен психологиялық бағытта толыққанды ақпарат айтылып, оқушылармен кері байланыс орнатылды.
Айта кетейік, Шымкент қаласында  бейнеконференциялық байланыс режимінде өткізілген нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссия отырысында «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» арналған профилактикалық іс-шаралардың салтанатты ашылуы өтті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*