Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Заңды білу – заман талабы

Заңды білу – заман талабы

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп студенттермен демалыс алдындағы соңғы кездесулер өткізді.
Мұндай кездесудің басты мақсаты – нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып, жастарды спортқа баулу болып табылады.
Кезекті кездесу «Парасат» колледжінің ғимаратында өткізілді. Оған Шымкент қаласының полиция департаментінен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков қатысты.
Ол студенттерге есірткінің зияны, оның адамға алып келер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлеріне де тоқталды. Есірткіге құмарту өз өміріне ғана емес, қоғамға зияны тиетінін айтып, жастарға тура жол сілтеді.
Мамандар өздерінің білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, өз жұмыстары туралы, өздерін және жақындарын қорғау үшін заңды білу қаншалықты маңызды екендігін айтты.
Кездесу соңында студенттер спикерлерге өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Айта кетейік, жастар арасында нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастырып, есірткі қылмысына жол бермеу мақсатында Шымкент полицейлері жасөспірімдер арасында челлендж бастаған болатын. Шымкенттік полицейлердің челленджіне өнер жұлдыздары да қосылды
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай шымкенттік полицейлер бастаған #Есірткігеқарсымыз челленджін мектеп оқушыларынан бастап, спортшылар мен өнер жұлдыздары да белсенді қолдауда.
Оның ішінде, актер, әзілкеш, сценарист Абай Аязбаев және жайдарманшы, продюсер Рсымов Наурыз жастарды нашақорлықтан аулақ болып, спортпен шұғылдануға шақырды.
Өнерпаздар,өз қатарластары мен соңынан ерген жас буынды тура жолмен жүруге үгіттеп, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*