Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ДІН ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«ДІН ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы – әрбiр адамның наным-сенім бостандығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет, ел азаматтары діни сеніміне қарамастан, тең құқылы. Олар Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығы мен конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiк пен азаматтардың дiни нанымдарын құрметтейді.

Шымкент қалалық оқушылар сарайында «Дін және зайырлылық» жобасы аясында мектеп мұғалімдеріне кезекті семинар-тренинг өтті. Қалалық дін істері басқармасы және «Жалын» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған іс-шараға шаһардағы «Зайырлылық және дінтану» пәні мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты – пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, діни экстремизм мен терроризм идеяларының және деструктивті жалған діни ағымдардың алдын алу. Бір күнге жоспарланған семинарда теолог, дінтанушылар деструктивті діни ағымдардың құрығына түсіретін негізгі себептерді жан-жақты талдап, түсіндіріп берді.
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев семинарды ашып беріп, еліміздегі саяси, діни тұрақтылықты сақтауда мұндай оқыту семинарларының маңызы зор екенін атап өтті. Дін істері басқармасының бас маман-сарапшысы Бауыржан Заманхановтың айтуынша, мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағытындағы іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табады.
Атап айтқанда, 5 секцияға бөлінген семинар-тренингте теолог, дінтанушылар – Файзулла Тайтелиев «Псевдосәләфизм және экстремизм – терроризм», Дәлелхан Оспанов «Ислам әлеміндегі алауыздықтың себептері мен оны шешу жолдары», ал исламтанушы Ермек Бекбосынов «Зайырлылық қағидатын түсіну» тақырыбында дәріс оқыды.
Семинар барысында ұстаздар көкейдегі сауалдарын қойды. Кезекті іс-шараға қатысушылардың бәріне арнайы сертификаттар табыс етілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*