Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ӨНЕРТАПҚЫШ БАЛАЛАРДЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

ӨНЕРТАПҚЫШ БАЛАЛАРДЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында «Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс» деп атап өткен болатын.
Осы орайда, Шымкентте «1 маусым – Халықаралық балалалар күні» мерекесі Достық үйінде қосымша білім беру ұйымдарындағы өнертапқыш оқушылардың көрмесімен басталды. Жиынға қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов қатысып, балаларды айтулы мерекемен құттықтап, талантты да дарынды балалардың жетістіктері үшін алғыс білдірді.
Көрмеге 19 қосымша білім беру мекемесі қатысып, өз жетістіктерін паш етті. Мемлекеттің қолдауымен балаларға тегін қосымша білім беріп отырған ұйымдарда робототехникаға деген қызығушылықтың жоғары екендігі байқалады. Көрмеге қатысушы «Робопарк» робототехника және бағдарламалау орталығының жетекшісі Құрақбай Олжас өздері ойлап тапқан технологияны баланы смартфонға деген тәуелділіктен арылтады, дейді.
–Қазіргі таңда балалар арасында смартфондағы ойындарға тәуелді болуы белең алып барады. Бұл баланың зейінін төмендетіп, білімге деген құштарлығын азайтатыны айтпаса да түсінікті. Осы тәуелділіктен арылтуда біз жасап шыққан роботтың көмегі зор. Ол баланың логикасы мен ұсақ моторикасын дамытып, математика, физика, информатика пәндерін ойын арқылы үйретеді. Біздің орталық 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Оқушыларымыз республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып. Жақында шәкірттеріміз Оспан Айдос пен Жақыпбек Мардан олимпиадада қалалық іріктеу кезеңінен өтті, олар қазір республикалық жарысқа дайындалып жүр,- дейді О.Саматұлы.
Көрме ары қара балаларға арналған концерттік бағдарламаға ұласты. Қала мектептерінің үздіктері мен белсенді оқушылары өнер көрсеткен концерттік бағдарлама көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Айта кетейік, қосымша білім беру ұйымдарында барлық үйірмелер жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында тегін жүргізіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*