Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 3 МЫҢНАН АСА ПӘТЕР ТАБЫСТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 3 МЫҢНАН АСА ПӘТЕР ТАБЫСТАЛАДЫ

Мемлекет басшысының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жұртшылық әрқашан үлкен үмітпен күтеді. Жолдауда айқындалған ауқымды мәселелер және оларды шешуге бағытталған нақты міндеттер біздің ертеңгі күнге деген сенімді нығайта түсері анық.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету саласына Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында баса назар аудар келеді.  Тұрғын үймен қамтамасыз ету – халық үшін ең өзекті мәселенің бірі.

Шымкентте тұрғын үй құрылысы екі пайызға артқан. Бұл туралы құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Сансызбайұлы баспасөз турында мәлімдеді. Журналистер алдымен Әкімшілік-іскерлік орталығы, содан кейін Тұран – 2 және Бозарық шағын ауданындағы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы барысымен танысып, сапасына көз жеткізді.
—Соңғы жылдары Шымкентте тұрғын үй құрылысы саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Оның бірден-бір дәлелі 2020 жылы тұрғын үй құрылысын жүргізу бұдан екі есеге дейін төмен болатын. Биылғы жылы 1 млн 73 мың шаршы метр үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 2 млн шаршы метрге дейін жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін бекітілген арнайы жоспар бар. Басқарма тарапынан уақытылы, кезең-кезеңімен жұмыстар атқарылуда, – деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ құрылыс саласындағы жайсыз жағдайларды есекере отырып, құрылыс материалдарының сапасы да жоғары талаппен тексеріліп жатқандығын атап өтті. Құрылыс нысандары пайдалануға берілгеннен кейін мердігер тарапынан кеткен ақаулықтар үшін 5 жылға дейін кепілдік беріледі. Тұрғын үйлердің сапасы мен апаттық жағдайларға тұрақтылығы арнайы мамандардың тексеруінен өтеді. Қазіргі таңда Бозарық шағынауданында Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 54 тұрғын үйдің – 2198 пәтер құрылысы жүргізілуде. 2023 жыл қорытындысымен 49 тұрғын үйді толығымен пайдалануға тапсыру жоспарланған. Ал, қалған 5 тұрғын үй келесі жылға өтпелі. Одан бөлек, биылғы жылы 9 инженерлік магистарлды нысанның 5-еуін толығымен пайдалануға тапсыру жоспарланған.
Айта кетейік, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан әкімшілік-іскерлік орталығында 2020-2022 жыл аралығында жалпы 16 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған. Ал биыл жыл соңына дейін 3040 пәтер ел игілігіне берілмек.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*